Президент Көкшетауда жаңа қонысқа қадам басқан отбасымен кездесті
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы реновация бағдарламасы аясында пәтер алған отбасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 16 қыркүйекте Ақорданың Telegram-каналы хабарлады.
"Президент жаңа тұрғын үй кешенін аралап, реновация бағдарламасы бойынша пәтер алған отбасына барды".
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сапардан фото мен видео да таратты.
Қасым-Жомарт Тоқаев отбасыны қоныс тойымен құттықтады.
"Жақсы пәтер екен. Мұнда әрқашан береке-бірлік орнасын", - деп тілек білдірді президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған еді. Президент алдымен өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысты. Кейін Зеренді ауданында өткен кеңесте сапардың басты мақсатын атап, елдің барлық аграрийлеріне үндеу жасады. Сондай-ақ Қостанай облысына баратынын жария етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 26 тамыз 2026
Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды
-
22:32, 26 тамыз 2026
«Дауыл тұрып, тұман түседі». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:56, 26 тамыз 2026
Еліміздің 232 азаматы «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері атанды
-
21:48, 26 тамыз 2026
Павлодар облысында тау басынан бес адам эвакуацияланды
-
20:46, 26 тамыз 2026
Отандық баспа ісінің ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Альмира Үмбетқызы дүниеден озды





