«Ауа райы күрт нашарлайды». Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

09:58, 4 шілде 2026

© Фото: zakon.kz

Күн аздап суыған Алматыда тағы да аптап ыстық болады. Алайда алдымен мегаполисте найзағай ойнап, қатты жел тұрып, ауа райы күрт нашарлайды. 4-10 шілде аралығында ауа райы қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлады Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 4 шілдеде түстен кейін мегаполисте аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды және қатты жел тұрады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы: +16...+18°C, күндіз: +24...+26°C.

5 шілдеге қараған түні аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бірақ күндіз жауын-шашын болмайды. Күн тез қыза бастайды, түнде: +17...+19°C, күндіз: +28...+30°C.

6-8 шілде аралығында Алматыда құрғақ және ыстық ауа райы болады. Бұл күндері жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағаны +30...+32°C-ден +33...+35°C-ге дейін көтеріледі, ал түнде ауа температурасы +18...+22°C аралығында болады. Аптаның соңына қарай ыстықтың беті қайта қоймайды.

9 және 10 шілдеде күндізгі уақытта аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Осыған қарамастан, күндізгі температура жоғары болады: +33...+35°C, түнде: +20...+22°C.

Сонымен қатар синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

"4 шілдеде түстен кейін Алматыда аздар жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл болады деп болжанады, ал батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оңтүстікте және таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін". Дәулет Кісебаев

Сондай-ақ, Қонаевта аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Сонымен қатар, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындар мен туристерге сапарды жоспарлау кезінде дауылды ескертуді ескеріп, найзағай мен қатты жел кезінде сақтық шараларын сақтауды ұсынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!