Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшыны қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті.
Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.
Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 10 қаңтар 2025
Ақмола облысында екі адам зейнеткердің үйіне заңсыз басып кірген
-
17:12, 10 қаңтар 2025
2025 жылы теңгені қандай валютаға инвестициялаған жөн - қаржыгер кеңесі
-
17:02, 10 қаңтар 2025
Тоқаев «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды
-
16:56, 10 қаңтар 2025
Маңғыстау колледжінен шәкіртақы мен салыққа бюджеттен бөлінген 243 миллион теңге ұрланды
-
16:45, 10 қаңтар 2025
«Жайлы мектеп»: жоба бойынша 2023 жылдан бері қандай нәтижелерге қол жеткізілді