Президент ел өмірінің маңызды салаларында табанды еңбек етіп жүрген әйелдерді марапаттады
© Сурет: Ақорда
Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада ғылымда, өнерде, спортта, денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік қызметте, бизнесте және ел өмірінің басқа да маңызды салаларында табанды еңбек етіп жүрген әйелдердің көп екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz
"Марфуға Әжіғалиева жарты ғасырдан аса уақыт медицина саласында еңбек етіп жүр, 40 жыл бойы учаскелік терапевт болды, дәрігерлер әулетінің бастауында тұр. Бүгін ол еліміздің жоғары наградасы – "Отан" орденімен марапатталады. Жетісу облысындағы шаруа қожалығының жетекшісі Шакира Ыдырысова ауыл шаруашылығы саласында 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізіп, аудан мен облыс көлемінде абыройға ие болды. Мен оны бірінші дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым", - деді Мемлекет басшысы бұл ретте.
Президент шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева ел мерейін өсіріп, қазақты нағыз зияткер ұлт ретінде жер жүзіне танытып жүргенін де жеткізді. Әйгілі шахматшы ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталады.
"Өкінішке қарай, ол Таяу Шығыста болып жатқан жағдайға байланысты бүгін шетелден Астанаға келе алмады", - деді Мемлекет басшысы.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы Парламент Сенаты төрағасының орынбасары, қаржы саласының тәжірибелі маманы Ольга Перепечинаға, Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева мен Екатерина Смышляеваға беріледі. Олар заң шығару қызметіндегі жемісті еңбектерімен осы құрметке жетіп отыр.
"Бұл жоғары атаққа көрнекті ғалым, мұнай-газ саласындағы өнертапқыш Мәнсия Бабашева да ие болды. Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді. Оның педагог ретіндегі еңбегі жуырда халықаралық деңгейде кеңінен мойындалды. Осы атаққа азаматтық ұстанымымен белгілі, әсіресе, білім беру саласындағы мәселелерді жиі көтеріп жүрген Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да лайық", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, өткен аптада ғана Кристина Шумекова конькимен жүгіруден жастар арасындағы бес дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бүгін оған "Парасат" ордені табысталады.
"Парасат"орденімен белгілі жазушы, аудармашы, тіліміздің нағыз жанашыры Камал Әлпейісова марапатталады.
"Арамызда отырған Мария Зейнелованың ерен еңбегін де атап өту қажет. Ардагер маман Наурызым қорығында 43 жыл жұмыс істеп, табиғатты қорғау ісіне зор үлес қосты", - дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Айсұлу Шуақбаева 40 жылдан астам мұнай өндіру саласында қажырлы еңбек етіп, ел игілігін арттыруға атсалысып келеді. Өз міндетін мінсіз атқарып жүрген мамандар «Құрмет» орденімен марапатталады». Бұған дейін президент төл тарихымызда ер азаматтармен бірге ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар көп болғанын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
-
22:05, 6 наурыз 2026
Абай облысында қос азаматтығы бар үш адам анықталды
-
21:58, 6 наурыз 2026
ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертті
-
21:58, 6 наурыз 2026
Қазақстанның ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертеді
-
21:16, 6 наурыз 2026
СІМ Қазақстан азаматтарына 15 елге бармауды қатаң ескертті





