Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 17 тамызында Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.
Кеңес барысында Президентке ел экономикасының қазіргі жағдайы баяндалды. Сондай-ақ 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен осы кезеңдегі республикалық бюджеттің негізгі параметрлері ұсынылды.
Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл жоспарланған экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беруді тапсырды. Атап айтқанда, ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандарының құрылысын жеделдету қажет екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 17 тамыз 2026
Алматының орталығында супермаркетке салынған қосымша құрылыс бұзылды
-
17:15, 17 тамыз 2026
Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Cобеленконы артқа тастап, көш бастады
-
17:05, 17 тамыз 2026
Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль үшін күреседі
-
16:58, 17 тамыз 2026
Бастауыш сынып оқушыларының білімі барлық пән бойынша бағаланады
-
16:53, 17 тамыз 2026
Бақытжан Базарбек өзі қатысқан жол апатына қатысты пікір білдірді





