ҚМА қызметкері болып танысқандар медицина ұйымы басшысынан 15 млн теңге талап еткен
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қаражатты жымқыру деректерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 17 тамызда ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қаскөйлер өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, заң бұзушылықтар анықталғанын алға тартып, медициналық мекемелердің басшыларына қылмыстық қудалауға ұшырайтынын айтып қорқытады. Олар сыйақыға жауапкершілікке тартпауға уәде беріп, ақша талап етеді", – делінген хабарламада.
Осындай алаяқтық схемалардың бірі Түркістан облысында әшкереленді.
"Екі адам өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан алдау жолымен 15 млн теңге иемденуге әрекеттенген. Олар 5 млн теңгені алғаннан кейін қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Биыл 8 тамызда күдіктілерді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.
"Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр", – деп толықтырды ведомство.
Осыған байланысты Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға ескерту жасады.
"Жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтқаруға уәде беріп ақша талап ету – заңға қайшы әрекет", – делінген хабарламада.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай деректер туралы агенттіктің 1458 нөмірі бойынша байланыс орталығына дереу хабарлау қажет.
"Азаматтарды қаржылық мониторинг органдарына шақыру тек өндірістегі сотқа дейінгі тергеп-тексерулер аясында, заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделіп, жолданған ресми шақыру қағаздары негізінде жүзеге асырылатынына назар аударамыз. Азаматтарды қырағылық танытып, арандатушылыққа және алаяқтардың айласына бой алдырмауға шақырамыз", – деп мәлімдеді ҚМА баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2026 жылғы 3 тамызда Қазақстанда шамамен 140 мың азаматты медициналық ұйымдарға жалған тіркеу және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізу схемалары анықталғаны белгілі болды. Бұл әрекеттердің салдарынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алынған. ҚМА өкілдері МӘМС жүйесінде миллиардтаған теңгеге жасалған ауқымды заңсыздықтар туралы мәлімдеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:52, 17 тамыз 2026
Михаил Шайдоров Арсен Томскийдің тойында қонақ болды
-
11:45, 17 тамыз 2026
Каспийдің бірегей жануары: әлемнің басқа еш жерінде кездеспейтін тіршілік иесі туралы не белгілі
-
11:31, 17 тамыз 2026
Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева
-
11:21, 17 тамыз 2026
Қазақстанда күн суытып, 6 градусқа дейін үсік жүреді
-
11:12, 17 тамыз 2026
17 тамыздағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары





