Алматының орталығында супермаркетке салынған қосымша құрылыс бұзылды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалалық жоспарлауды бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 510А мекенжайындағы "Spar" супермаркетіне жапсарлас салынған нысан бұзылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында Басқарма "КБЕ групп" ЖШС-не құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.
"Тексеру нәтижесінде нұсқаманың орындалмағанына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған", – деп хабарлады ведомство.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:21, 8 қыркүйек 2026
Қарағанды облысында «ГАЗель» автобуспен соқтығысты
-
20:15, 8 қыркүйек 2026
Қазақстандық оқушылардың 80%-ы сабақта жасанды интеллект қолданады
-
19:49, 8 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күні қайда, нені тамашалауға болады
-
19:36, 8 қыркүйек 2026
Алматыда LRT жобасына байланысты тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі
-
19:24, 8 қыркүйек 2026
Атырау облысында колонияға дрон арқылы бірнеше телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды





