Президент бірнеше заңға қол қойды

17:07, 19 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 19 мамырда бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!