Президент Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде көмектескен әрбір жанға алғыс айтты
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Желтоқсанның соңғы күндері Ақтау қаласында Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. 38 адам қаза болды, оның ішінде еліміздің 6 азаматы бар. Ауыр жарақат алғандар да көп. Мұндай сәтте әрбір секунд қымбат. Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент ұшақ апатының себебін анықтау үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын атап өтті. Сонымен бірге 17 халықаралық сарапшы шақырылды.
"Оның ішінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының және Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары бар. Үкімет комиссиясы мәліметтің бәрі жазылған арнайы құрылғыны сол ұшақты жасаған Бразилия еліне жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам тергеу жұмыстарының объективті әрі бейтарап жүргізілуіне қажетті бірден-бір дұрыс шешім екеніне сенімдімін", - деді Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:56, 5 қаңтар 2025
Қытайдағы метапневмовирус індеті – Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді
-
12:40, 5 қаңтар 2025
Науқастарды медициналық оңалту: стандарт жаңартылды
-
12:28, 5 қаңтар 2025
Миллиардтан астам теңгенің ұрлығы: бұрынғы мәдениет вице-министрінің ісі сотқа жолданды
-
12:14, 5 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Мысыр, Ирак және басқа да елдерге жаңа елшілерді тағайындады
-
12:09, 5 қаңтар 2025
Ерке Есмахан отбасылық қысқы фотосессиясымен оқырмандарын тәнті етті