Пранк жасау шариғатқа қайшы ма

19:29, 24 наурыз 2022

© Сурет: pizabay

Пранк дегеніміз – әзілдеу немесе қорқыту, алдау мақсатында жасалатын ойын. Мұндайды қазір қалжыңы жарасатын адамдар бір-біріне жасап жатады. Ал Ислам дінінде пранк жасау арқылы адамды қорқытуға рұқсат етілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әзіл-қалжыңның көбі басқаларды қорқыту немесе таңғалдыру түрінде жүреді. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына, отбасылық, достық, туыстық қарым-қатынастарға зиян болуы әбден мүмкін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, Ислам дінінде өзге адамды қорқытуға рұқсат етілмейді. Оған бір мысал: Әбу Дәуіт жеткізген насихатта «Мұсылман адамның басқа мұсылманды қорқытуына болмайды», – делінген.

Оның үстіне өтірік, әзіл болған күнде де өтірік болып қалады. Қалжыңдаса да, өтірік айтпау керек. Сонымен қатар шамадан тыс күлкі, орынсыз әзіл-қалжың Алланы еске алудан және дін қамынан тосады, жүректі қатайтады, жәбірлеу мен өшпенділікке алып барады, адамның қадір-қасиетін кетіреді, – деп жазылған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы ресми сайтында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!