Полиция 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдікті ұстады

14:38, 28 қазан 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын ұстады.

Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!