Полиция «Қазпошта» қызметкерлерінің «қоңырауларына» байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
© Сурет: pixabay
Елімізде "Қазпошта" қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар көбейіп келеді. Осыған байланысты 2025 жылғы 7 сәуірде ақтөбелік полицейлер халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің айтуынша, 45 жастағы ақтөбелік әйел алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Ол қаскөйлердің қоңырауынан кейін онлайн несие рәсімдеп, олардың шотына 1 млн теңге аударған.
"Алаяқтар өздерін "Қазпошта" қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға сәлемдеме түскені туралы хабарлайды. Олар осы сәлемдемені алу үшін телефоныңызға келген sms-кодты айтуды сұрайды",- делінген ақпаратта.
Ведомство мұндай жағдайда сөйлесуді дереу тоқтату керек екенін ескертті.
"Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін әр қоңырау мен sms-ке мұқият қарауды, сондай-ақ күдікті хабарламалар мен жарнамаларға сенбеуді ұсынамыз". Ақтөбе облысы ПД басқармасы
Бұған дейін қазақстандық миллиардердің 6,8 жылға бас бостандығынан айырылғандығы жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 11 сәуір 2025
Алматы әкімдігі маңызды мәлімдеме жасады
-
13:33, 11 сәуір 2025
Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды
-
13:28, 11 сәуір 2025
Түркістан облысында жүргізушіден «синтетикалық» есірткі тәркіленді
-
13:19, 11 сәуір 2025
Астанада ұлттық құрылтайдың бастамаларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды
-
13:08, 11 сәуір 2025
Сотталғандарды азаптады деп айыпталып, артынша ақталған колонияның 12 қызметкерінің «ақтау» үкімі жойылды
Танымал жаңалықтар
-
19:07, 10 сәуір 2025
-
14:27, 10 сәуір 2025
-
20:04, 10 сәуір 2025
-
14:40, 10 сәуір 2025
-
19:20, 10 сәуір 2025
-
20:43, 10 сәуір 2025
-
22:19, 10 сәуір 2025
-
18:53, 10 сәуір 2025
-
19:45, 10 сәуір 2025
-
18:04, 10 сәуір 2025
-
22:56, 10 сәуір 2025
-
21:17, 10 сәуір 2025
-
18:04, 10 сәуір 2025
-
17:53, 10 сәуір 2025
-
18:21, 10 сәуір 2025