Полиция бет-жүзді тұмшалауға қатысты талаптарды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
12 шілдеден бастап елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген.
Сонымен қатар заңда бірқатар ерекше жағдай қарастырылған.
Бетті жабуға рұқсат етіледі:
- қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға;
- медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;
- төтенше жағдайлар кезінде;
- қолайсыз ауа райында — қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.;
- спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.
Полицейлер жаңа талаптар азаматтардың құқықтарын шектемейтінін, керісінше тыныштықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын еске салады.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/politsiya-bet-zhuzdi-tumshalaugha-qatysty-talaptardy-tusindiru-zhumystaryn-zhalghastyruda/
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 12 наурыз 2026
Әлемдегі аса күрделі ахуалға қарамастан, ұлттық стратегиямызды біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз – Тоқаев
-
13:26, 12 наурыз 2026
Мәслихаттардың жергілікті билік жүйесіндегі рөлін күшейту қажет – Мемлекет басшысы
-
13:25, 12 наурыз 2026
Жұрт өңірдегі биліктен түсініктеме ала алмайды, содан соң Елордаға жүгініп жатады – Тоқаев
-
13:18, 12 наурыз 2026
Мәслихаттар мен әкімдіктер бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті – Тоқаев
-
13:11, 12 наурыз 2026
Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс – Тоқаев





