Павлодарда медициналық қызметтерге қатысты заңсыздықтар анықталды
© Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласында прокуратура өкілдері Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) қаражатының жұмсалуына жүргізілген тексеріс барысында жалған медициналық қызмет көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру нәтижесінде кейбір медициналық қабылдаулар іс жүзінде жүргізілмегені белгілі болған. Атап айтқанда, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға "көрсетілген" болып тіркелген.
Сонымен қатар акушер-гинеколог дәрігердің кеңестері ер адамдарға "көрсетілген" жағдайлар анықталған. Бұдан бөлек, көрсетілген медициналық қызметтерді қайталап рәсімдеу арқылы екі рет төлем алу деректері де тіркелген.
Тексеру барысында кейбір медициналық көмектердің тиісті сертификатсыз және рұқсатсыз көрсетілгені де белгілі болды.
Қадағалау органының мәліметінше, тексеріс қорытындысымен заңбұзушылықтар жойылып, тиісті құжаттар ретке келтірілген. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.
Прокуратураның хабарлауынша, қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке 100 миллион теңгеден астам шығын өтелген.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта сотта медицина саласындағы заңсыз кәсіпкерлік және мемлекеттік қаражатты жымқыру фактілері бойынша тағы екі қылмыстық іс қаралуда. Олар бойынша келтірілген залал көлемі тиісінше 62 миллион және 41 миллион теңгені құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:01, 13 мамыр 2026
Өскеменде депутат шенеунікке пара бергені үшін 100 млн теңге айыппұл арқалады
-
19:56, 13 мамыр 2026
СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі синтетикалық есірткі мен гашиш майын тәркіледі
-
19:53, 13 мамыр 2026
Қазақстанның бірнеше әуе рейсінде жолаушылар шу шығарды
-
19:30, 13 мамыр 2026
Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ердоғанды қарсы алды
-
19:25, 13 мамыр 2026
Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі





