Қазақстанда сот-медициналық сараптаманы жетілдіру жоспарлануда
© Фото: freepik
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған бірқатар бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, келесі құжаттарға өзгерістер енгізу көзделіп отыр:
- сот сараптама органдары жүргізетін сот сараптамаларының түрлері мен Әділет министрлігі бекітетін сарапшы мамандықтарының тізбесі;
- сот сараптамасы органдары сарапшыларының жүктемесін нормалау тәртібі;
- сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау, олардың орындалу мерзімін есептеу, сондай-ақ мерзімді тоқтату және ұзарту негіздері мен тәртібі;
- сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар;
- сот сараптамалары мен зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұл өзгерістер сот-сараптама қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында енгізілуде.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 5 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





