Полицейлер тоғыз жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген
© Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігін белгісіз адамдар өртеп жіберген. Бірнеше күннен соң полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне келеді. Олардың айтуынша, көлікті үшінші сынып оқушысы өртеп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 мамыр күні таңертең Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық судьяның көлігін өртеп жіберді. Көліктің жанынан құқық қорғау өкілдері жанар-жағармайы бар пластикалық бөтелке мен қамысты тапты, деп хабарлайды Уральская неделя газеті. Судья өртенген көліктің оған тиесілі екенін растады. Полицейлер ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі, яғни "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тергеуді бастады.
Өрттен кейін Жаңақала АІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне бас сұғады. Полицейлер әйелге оның тоғыз жасар баласы көлікті өртеп жіберді деп күдік келтірілетінін айтады. Бұл туралы жергілікті блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жазады.
Баланың анасы бейне үндеуде өз ұлының жасына байланысты бұл қылмысты жасай алмайтынын және сол түні баласының үйде болғанын айтады. Әйелдің видео үндеуі желіде жарияланды.
Осыдан кейін Жаңақала АІІБ полицейлері аталған отбасынан кешірім сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





