Петропавлдық зейнеткер екі пәтерін сатып, бар ақшасынан айырылып қала жаздады
© Сурет: pixabay
СҚО-да полицейлер аляқтарға алданған зейнеткерге 27 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавлда 66 жастағы зейнеткерге күдікті қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған. Ол әйелді белгісіз алаяқтар пәтеріңді тартып алмақшы және оларды әшкерелеу үшін тұрғын жайды сату бойынша тезірек "жалған мәміле" ресімдеу қажет деп айтқанына көндіреді.
Алаяққа сенген қала тұрғыны өзіне тиесілі екі пәтерін сатып жібереді. Сонымен қатар әйел өзіне ешкімге жария етуге болмайтын тергеу құпиясы сеніп тапсырылды деп санайды. Дегенмен, туыстары мұнда бір шикіліктің барын сезіп, жәбірленушіні полицияға жүгінуге көндіреді, алайда ол ақшаның бір бөлігін қылмыскер көрсеткен шотқа аударып, ал қалғанын курьерге тапсырып үлгереді.
Курьер қолма-қол ақша 27 миллион теңгені Астанаға жеткізеді. Ақша тізбек арқылы екі дроппер арқылы өткен, жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ақша шетелге жөнелтілгенше тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Бұдан бөлек, полицейлер жәбірленушінің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қылмыскердің нұсқауы бойынша аударған ақшасын, әйелдің банк чектерін сақтауына байланысты қайтарып алуға мүмкіндігі барына тоқтала кетті. Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Тәртіп сақшылары "ҰҚК-дан", "полициядан", "прокуратурадан" деген қоңырауларға, егер олар WhatsApp арқылы шалынса және сөйлесушілер сізді қандай да бір қаржылық операция жасауға азғырмақ болса сенбеу қажет екенін ескертті.
"Егер осындай қоңырау түскен жағдайда, сөйлесуді тоқтатып, ақпаратты тексеру үшін сізге қоңырау шалған органның атына жүгініңіз", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





