Петропавлда мектеп құрылысы жүріп жатқан жерден адамның басы мен сүйектері табылды

16:47, 15 қазан 2018

Жас Өркен шағын ауданында жүріп жатқан мектеп құрылысы алаңынан адамның басы мен сүйектері табылды sn.kz.

Позолотина көшесінде қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде бұрын жеке үй болған. Экскаватормен жер қазу барысында 1 жарым метр тереңдіктен адамның бас сүйегі мен дене мүшелері табылды.

Құрылысшылар дереу полицейлерге хабар берген. Полицейлер қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!