Петропавлда кішкентай бала алғаш рет коронавирус жұқтырды

10:45, 3 сәуір 2020

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, аймақта коронавирус инфекциясының 14 жағдайы анықталған. Балаға алғаш рет коронавирус жұқты.

2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады. Бала әкесімен уақытша ауруханаға орналастырылды, ол науқаспен тығыз байланыста болғандар тізімінде болған. Оны шығаруға дайындап жатқанда COVID-19 бойынша тест оң нәтиже берді. Карантин мерзімі ұзартылды, медициналық бақылау жалғасады, - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі облыстық департаменттің өкілі Екатерина Белоусова.

Бұл жағдайда медициналық мекеме індет ошағы болып табылады. Науқас қазіргі уақытта Бірінші қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне оқшауланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!