Петропавлда гуманитарлық көмектің ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан әйел жауапқа тартылды

13:26, 20 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

Петропавл қаласында WhatsApр чаттарда 27 жастағы әйелдің "мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда" деген дауыстық хабарламасы тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Айта кетсек, 19 сәуірде Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды деген фейк ақпарат тараған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!