«Пәтеріңізді сатыңыз»: Ақтөбеде полиция тұрғынның 8 млн теңгесін сақтап қалды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полиция тұрғынның 8 млн теңгесін сақтап қалды.
Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына өзін алдымен жеткізу қызметінің, кейін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар жалған несие рәсімделіп жатқанын айтып, әйелді ешкімге ештеңе айтпауға және өз нұсқауларын орындауға көндірген.
Алаяқтар әйелдің екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп, оны "мүлкіңізді сақтап қаласыз" деген желеумен нарық бағасынан төмен бағаға сатуға үгіттеген. Жәбірленуші жылжымайтын мүлік агенттігіне жүгінген. Пәтер 8 миллион теңгеге бағаланған.
Алайда агенттік менеджері алаяқтық белгілерін байқап, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелге алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, пәтердің сатылуына жол бермеді.
Полиция ескертеді: банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан SMS-кодтарды айтуды, мүлікті сатуды немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді. Осындай қоңыраулар түссе, әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:03, 29 шілде 2026
Германия Қытай экономикасының осал тұстарын анықтауға кірісті
-
11:56, 29 шілде 2026
Зеленский Ақ үйде Трамптың өзін қалай қарсы алғанын айтып берді
-
11:43, 29 шілде 2026
Танымал курорт жағалауында көлемі жеңіл көлікпен шамалас ақ акула байқалды
-
11:32, 29 шілде 2026
Алматыда түнде екі жүк көлігі соқтығысып, тұрғын үй аумағына кіріп кете жаздады
-
11:21, 29 шілде 2026
Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді: Астанаға үш президент келеді





