Пешаварда мешітке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

15:42, 3 ақпан 2023

© Сурет: pixabay

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте бомбаны іске қосқан жанкешті-лаңкес полиция формасын киіп барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол себепті оны қауіпсіздік күштері негізгі кіреберісте тексермесе керек. Лаңкестің велосипедке мініп, кешенге кіріп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ол мешітке кіргеннен кейін алдыңғы қатарда намаз оқуға тұрып, бомбаны іске қосқан. Оқиға қаңтардың 30-да болды. Жарылыстан 100 адам қаза тапты. Олардың 97-сі -полиция қызметкері. Осы шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталған.

Жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!