Педофил деген күдікпен 55 жастағы тұрғын ұсталды

11:19, 28 сәуір 2021

© Сурет: видеодан кадр

Тағы бір педофил ұсталды. Қарағанды облысында күні кеше жоғалған қыз баланы еріктілер мен тәртіп сақшылары күні-түні іздеген. Нәтижесінде, қыз қаңырап тұрған үйлердің бірінде белгісіз азаматтың жанынан табылған. Кәмелет жасқа толмаған бала аман ба? Күдікті кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сұмдық оқиға Қарағанды облысы Қаражал қаласында тіркелген. 30 жастағы келіншек қызы жоғалғаны жайлы полиция департаментіне хабарлаған. Шұғыл іздеу шаралары нәтижесінде, кешкі сағат 22:00 шамасында, қараусыз үйлердің бірінен кәмелет жасқа толмаған қыз табылды. Белгілісі, оның жанында 55 жастағы ер адам болған, Әзірге күдіктінің нақты қандай жымысқы әрекетке барғаны белгісіз. Тек аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметі:

Полиция қызметкерлері, қалалық әкімдік, төтенше жағдай қызметкерлері және еріктілер қала төңірегінде іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздестіру барысында қараусыз қалған үйлердің бірінен 55 жастағы азамат ұсталды. Оның қасында жоғалған қыз бала болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осыдан 5 күн бұрын ғана Алматыда болған сұмдық оқиға да елді дүрліктірген еді. Тапа-тал түсте Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде педофил дүкенге шыққан жеті жасар қызды аңдып, артынан ілесіп, төменгі қабатқа түсіріп алып кеткен. Подъезде баланы шешіндіріп, денесіне қол жүгіртіп үлгерген азғынның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сәтін салғанда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып үлгерген.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылы туған Ф есімді азамат. Ер адамның ақыл-есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Ол сол ауданда тұрады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көбеймесе, азаймай отыр, дейді мамандар. Мәселен былтырдың өзінде "Зорлау" бабы бойынша 85 іс қозғалған. Ал жалпы 1800 педофил түрмеде отыр. Оның 1300-не қатаң жаза тағайындалған. Бірақ мұндай жаза педофилдер үшін аз, дейді саясаттаншуы Қазыбек Майгельдинов.

Қазыбек Майгельдинов, саясаттанушы:

Қазіргі таңдағы ҚР заң кастрация жасау әрине тек қана физикалық тежеу ғана. Адамның қылмысқа деген құлшынысы тоқтату жоқ. Бұл қылмысты максималды өмір бойы түрмеде ұстау жазасы. Қамауға алынатын қатаң тәртіптегі түрмеде ұстау керек. Жаңа заңды тезірек іске қосқан дұрыс.

Құзырлы органның мәліметінше, балаларға қатысты сексуалдық қысымды көбіне жақын-жуықтары мен туған-туысқандары жасайды екен. Атап айтқанда өгей әкесі, анасының көңілдесі, көршісі, ағасы. Оны психологтар да растап отыр. Сол себепті, баланы жалғыз қалдырмаған жөн дейді.

Ғалияш Махашева, психолог:

Баланы жалғыз жібермеген дұрыс, консьерж жоқ екенін білсеңіз, мысалға тұрған жеріңіз адам аз шоғырланатын маңайлар болса, өзіңізбен бірге, ересек баланы ертіп жіберу керек. Педофилдер жақын маңайдан болу мүмкін, туыстар арасында. Олар балаңызбен жақсы араласып жүріп, бала психологиясын жақсы біледі. Қай бала құрбан, соны аңдиды!

Айта кетейік, биыл заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұдан былай азғындар ең кем дегенде 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Одан бөлек, қаскөйлерге рақымшылық жасалмайды және түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!