Аягөзде қарияға көмек көрсеткен полицейлер тұрғындардың алғысына бөленді

11:34, 5 наурыз 2026

© Фото: polisia.kz

Аягөзде полицейлер пойызға кешігіп бара жатқан қарт кісінің сөмкесін көтерісіп, көмек көрестті. Аягөз қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан кешкі кезекшілік барысында адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.

Абай Ақылбаев және Ерасыл Оралгазинов №332 бағыт бойынша кешкі кезекшілікке түсіп, бекітілген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген патрульдеу кезінде қызметкерлер әрбір жағдайға сергек әрі жауапкершілікпен қарайды.

Кешкі сағат 17:20 шамасында Аягөз қаласындағы Абай бульварында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері теміржол бекетіне қарай асығып бара жатқан, қолындағы ауыр жүк сөмкелерін көтере алмай, пойызға үлгермей қалу қаупі туындаған қарияны байқап қалады.

Полиция қызметкерлері көліктерінен бірден түсіп, оған жақындап, жағдайын сұрап, қол ұшын созды. Олар үлкен әрі ауыр сөмкелерін көтеріп, қария теміржол бекетіне дейін шығарып салуға көмектесті. Нәтижесінде кейуана пойызға уақытылы жетіп, сапарын алаңсыз жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Бұл әрекет полиция қызметкерлерінің тек құқық қорғау қызметін атқарып қана қоймай, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, халыққа әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен амандығы – басты міндет.

Полиция қызметінің негізгі мақсаты – тек құқық бұзушылықтың алдын алу емес, сонымен қатар азаматтарға қиын жағдайда көмек көрсету. Әсіресе үлкен кісілерге қамқорлық таныту – біздің адамдық әрі қызметтік борышымыз, – деп атап өтті Абай Ақылбаев.

Күнделікті қызмет барысында түрлі жағдайлар кездеседі. Осындай сәттерде азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету – біздің міндетіміз. Бұл – полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтатын маңызды іс, – деді Ерасыл Оралгазинов.

Өз кезегінде көмектің игілігін көрген қарт азаматша полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Балаларымдай болып көмектескендеріңізге көп рақмет. Сөмкелерім өте ауыр еді, өзім көтере алмай тұрдым. Егер сіздер болмағанда, пойызға үлгермей қалуым мүмкін еді. Осындай жанашыр полиция қызметкерлері бар екеніне қуанып тұрмын, – деп алғысын жеткізді.

Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің кәсібилігімен қатар, адамгершілік қасиеттерінің де жоғары екенін көрсететін үлгілі жағдайлардың бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, халыққа жанашырлық таныту – құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бөлігі болып қала береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!