Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жалдамалы жұмыс істеуге тыйым салына ма – МКК жауабы
© Фото: freepik
ҚР Қаржы министрлігі МКК арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген 2026 жылғы 5 наурызда "Атамекен" ҰКП кулуарында қызметкерлерді штаттан шығарып, оларды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына ауыстыру жағдайлары тексерілуі мүмкін екенін айтты.
Журналистер Ерқанат Шынбергеннен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жалдамалы жұмыс істеуге тыйым салынуы мүмкін деген түзетулер дайындалып жатыр деген қауесетке қатысты пікірін сұрады.
"Мұндай тыйым болмайды және біз ондай нұсқаны қарастырып жатқан жоқпыз", – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.
Сонымен қатар ол жыл басынан бері ел бойынша көптеген азамат өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелгенін атап өтті. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті осы деректерге талдау жүргізіп жатыр.
"Мәселе – оның өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде нақты кімге қызмет көрсетіп отырғанында. Егер ол қызметін бұрынғы жұмыс берушісіне ғана ұсынып, бір ғана ұйымға жұмыс істеп, сол жерде тұрақты түрде қызметкер сияқты жүрсе, онда сұрақтар туындайды. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз – талдау жүргізілуде. Бұл режимді кімдердің шартты түрде "дұрыс емес тәсілмен" қолдана бастағанын анықтауымыз керек.
Сонымен қатар кейбір компаниялар қызметкерлерін штаттан шығарып, оларды өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркеуге жіберіп жатқаны туралы сигналдар түсіп жатыр.
Мұндай жағдайларға біз бейжай қарай алмаймыз. Себебі қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың салық салу тәртібі арасында үлкен айырмашылық бар. Екеуінің арасында өте нәзік шекара бар, сондықтан адамның шынымен өзін-өзі жұмыспен қамтығанын немесе іс жүзінде қызметкер екенін анықтау қажет", – деді спикер.
Оның айтуынша, негізгі критерий – еңбек қатынастарының белгілері.
"Егер адам тек бір ғана тұлғаға немесе бір компанияға тұрақты түрде қызмет көрсетсе, онда бұл жерде еңбек қатынастарының белгілері пайда болады және заңнама бұзылуы мүмкін. Ал егер ол фрилансер болып, жалпы халыққа қызмет көрсетсе, онда ешқандай мәселе жоқ", – деп түйіндеді Ерканат Шынберген.
Айта кетейік, 4 наурызда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жыл басынан бері Қазақстанда 346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде 280 мыңнан астамы бұрын кәсіпкер ретінде тіркелмеген және ресми мәртебесі болмаған азаматтар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 5 наурыз 2026
Қазақстандықтардың ақшасын танымал онлайн-ойын арқылы ұрлап кеткен
-
17:01, 5 наурыз 2026
Еспелі слалом: қазақстандық Александр Куликов Таиландтағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
16:54, 5 наурыз 2026
Бас прокуратура Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтық фактілері туралы ескертеді
-
16:34, 5 наурыз 2026
Мәулен Әшімбаев Иран елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды
-
16:24, 5 наурыз 2026
Қазақстандықтар пәтерді жасырын жалға берсе, аударымдарды тексеру мүмкін бе – МКК жауап берді





