Алматы әуежайы әйелге тұрақ үшін 128 мың теңге есептеген
© Фото: zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайы қала тұрғынына тұрақ үшін ірі көлемде төлем есептелген жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық әйел Threads әлеуметтік желісінде жүйе оған 128 500 теңге көлемінде шот шығарғанын жазған. Оның айтуынша, 5 ақпанда әуежай аумағынан шығар кезде шлагбаум ашық тұрғандықтан, тұрақ ақысын сол сәтте төлемеген. Кейінірек ол едәуір көлемде берешек пайда болғанын байқаған.
"Біз кейін нөмір арқылы төлеуді де ойламаппыз, "шлагбаум ашық тұр ғой" деп ойладық. Ал қазір шамамен 130 мың теңге болып кеткен. Мұны даулауға немесе азайтуға бола ма? Әлде осы соманы толық төлеу керек пе?" – деп жазды ол 2026 жылғы 4 наурыздағы жазбасында.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне алматылық әйелдің өтініші жедел қаралғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде есептелген сома толықтай жойылып, тұрақ сессиясы жабылған.
"Аталған сома айыппұл емес – бұл көліктің тұрақ аумағында тұрған уақыты үшін жүйе автоматты түрде есептейтін төлем. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайы аумағында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл тұрақ жүйесінің жұмысына уақытша әсер етуі мүмкін. Осындай өтініштер жедел түрде қаралады және техникалық қате расталған жағдайда есептелген төлемдер жойылады", – деп түсіндірді әуежай өкілдері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 5 наурыз 2026
Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті
-
21:40, 5 наурыз 2026
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбуҗақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды
-
21:01, 5 наурыз 2026
Таяу Шығысқа елдеріне әуе рейстері 10 наурызға дейін тоқтатылды
-
20:32, 5 наурыз 2026
Тоқаев Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
-
20:32, 5 наурыз 2026
Тоқаев Нахичеван әуежайына дрондармен жасалған шабуылды қатты сынға алды





