Павлодарда төрт темір тұлпарды қағып өткен жүргізуші іздестірілуде

15:29, 7 желтоқсан 2018

Жол-көлік оқиғасы бүгін Суворов көшесі, 10 мекенжайы бойынша орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі kolesa_pavlodara парақшасында сағат таңғы 06.01-де қара түсті көлік төрт көлікті қағып өткені туралы ақпарат пайда болды.

«Камерада Chevrolet көлігінен шығып, жол апатына жол бергені көрініп тұр. Жүргізуші бір көз тастап, кетті де қалды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған жайтты облыстық полиция департаментінде растап, қазіргі таңда көлік пен жүргізушіні анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтады. Бейнекамералар тексерілуде. Фото: kolesa_pavlodara


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!