Астанадағы маңызды қиылыстардың бірінде солға және кері бұрылуға тыйым салынбақ
© Сурет: Астана қаласының ПД
Астанада бірнеше жол қиылысында көлік қозғалысының тәртібі өзгермек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 24 қарашада қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Кезекті мониторинг нәтижесінде Пушкин көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысына Жұбанов көшесі жағынан келетін көліктердің қозғалысы едәуір қиындайтыны анықталды. Бұл әсіресе қарбалас уақытта және демалыс күндері байқалады. Талдау көрсеткендей, кептелістің негізгі себептерінің бірі – осы қиылыста солға немесе кері бұрылатын көліктердің жиналып қалуы. Соның салдарынан тура бағытта жүретін көліктерге кедергі келіп, жолдың осы бөлігінің өткізу қабілеті төмендейді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты қиылыстың өткізу қабілетін арттырып, көлік ағынын реттеу үшін солға және кері бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Солға бұрылуға тек маршруттық көлік құралдарына рұқсат берілмек.
Полиция өзге жүргізушілерге балама бағыт ретінде Тәшенов пен Кравцов көшелерін пайдалануды ұсынады. Бұл көшелерде жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында кері бұрылуға арналған арнайы орындар қарастырылған.
Полиция жүргізушілерді алдағы өзгерістерді ескеруге, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Айта кетейік, Астанада жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндік туды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:39, 24 қараша 2026
«Кідіруге уақыт жоқ» – Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысын таныстырып, компанияда тәртіп орнатуды талап етті
-
13:26, 24 қараша 2026
Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты
-
13:21, 24 қараша 2026
Ұялы байланыстың жаңа ережелері – қазақстандықтар өздеріне қай ұйым қоңырау шалып тұрғанын көре алады
-
13:14, 24 қараша 2026
Nvidia басшысы Трамптың әйгілі суретіне пародия жасады
-
13:03, 24 қараша 2026
Алматыда жаппай жол апаты болды: көлік әуеге көтеріліп, жерге аударылған





