Павлодарда өндіріс орнында жұмысшы зардап шекті – тергеу шаралары ұйымдастырылуда
© Сурет: primeminister.kz
Павлодарда "Қазақстан алюминийі" АҚ өнеркәсіп ошағында жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Оның үстіне сілтілі ерітінді түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 қыркүйекте "Қазақстан алюминийі" АҚ-да гидрометаллург-аппаратшы маман үстіне сілтілі ерітінді түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz облыстық еңбек басқармасына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда", делінген басқарма хабарламасында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатқанын, ол үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын бөлімде екенін нақтылайды.
"Жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады, есін біледі. Беті мен сол жақ жоғарғы аяғын, денесін 22% термохимиялық күйік шалған". Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





