ШҚО-да алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам анықталды
© Фото: pexels
Өскемен қаласында "Іздестіру" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттері үшін 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті автокөлік сату схемалары арқылы әрекет еткен: тиімді шарттарды ұсынып, алдын ала төлем жасатып алып, көлік құралдарын беру бойынша міндеттемелерін орындамаған. Ақшаның бір бөлігін қайтара отырып, ол адамдарды мәміленің заңды екендігіне сендірген.
Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 30 миллион теңгеден асады. Келісім-шарттарды рәсімдеу барысында қаскөй үшінші тұлғаларды тарту арқылы, олардың атына қарыз шарттарын ресімдеген.
Ақшалай қаражатты беру көбінесе нотариустардың қатысуымен жүзеге асқан. Бұған дейін ер адам алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайы мен қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтары анықталуда.
Полиция азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмау және өз қаражатыңызды сақтап қалу үшін кез келген қаржылық операциялар кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:11, 13 мамыр 2026
Жаңбыр, қар, үсік: 14 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:36, 13 мамыр 2026
Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды
-
20:01, 13 мамыр 2026
Өскеменде депутат шенеунікке пара бергені үшін 100 млн теңге айыппұл арқалады
-
19:56, 13 мамыр 2026
СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі синтетикалық есірткі мен гашиш майын тәркіледі
-
19:53, 13 мамыр 2026
Қазақстанның бірнеше әуе рейсінде жолаушылар шу шығарды





