Павлодарда екпінді жел соғып, бұршақ жауды: зардап шеккендер бар
© Фото: pexels
2026 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласы мен Павлодар облысында ауа райы күрт бұзылды. Өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауып, секундына 20 метрге дейін жеткен екпінді жел соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар табиғаттың тосын мінезі түсірілген бейнежазбаларды жариялады.
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қолайсыз ауа райының салдарынан өткен тәулікте жедел жәрдем қызметіне екі шақырту түскен.
Павлодар қаласында 1993 жылы туған ер адам зардап шекті. Найзағай кезінде зақымданған ағаштың бұтағы оның үстіне құлаған. Басынан жарақат алған азамат Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Сонымен қатар, Құдайкөл ауылында тағы бес адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың қатарында 2007 жылы туған қыз, 1979 жылы туған ер адам, сондай-ақ 2011 және 2010 жылы туған үш бала бар.
Олардың барлығы екпінді жел мен бұршақтың салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған.
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті. Оларды ауруханаға жатқызу қажет болмағандықтан, дәрігерлер тексеруден кейін үйлеріне жіберген.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейтіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:31, 21 шілде 2026
Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
-
10:28, 21 шілде 2026
FIFA әлем чемпионатының финалынан кейінгі жанжалға байланысты Аргентина құрамасына қатысты тергеу бастады
-
10:14, 21 шілде 2026
Алматы тауларында аяғын жарақаттап алған турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді
-
10:02, 21 шілде 2026
Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды
-
09:52, 21 шілде 2026
Ресми түрде: Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартты





