Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы балық аулау дүкенінде өрт шықты. 101 пультіне дүкеннен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өртті сөндіруге кірісті.
"Өрт сауда залы мен қойма бөлмесін шарпыған.Түтіннің таралу қаупіне байланысты тұрғын үйдің кіреберісінен 16 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Астана маңында жүк локомотиві өртенгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 шілде 2026
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат» черногориялық «Сутьеск» командасын ұтып кетті
-
22:57, 8 шілде 2026
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат"черногориялық «Сутьеск» командасын ұтып кетті
-
21:31, 8 шілде 2026
Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөз айтқан спортшыға айыппұл салынды
-
21:22, 8 шілде 2026
Шу қаласының учаскелік полиция инспекторы пара алды деген күдікпен ұсталды
-
20:59, 8 шілде 2026
«Экстремальды жағдай». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





