Павлодарда ақшаға интим қызмет көрсететін 5 қыз ұсталды

14:51, 22 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан кадр

Павлодарда ақшаға интим қызмет көрсететін 5 қыз ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда жедел уәкілдер интернет-сайттарды тексеру барысында ақшаға интимдік қызмет көрсететін 5 қызды анықтады.

– Мысалы, 19 қыркүйекте жедел уәкілдер 20 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 36 жастағы павлодарлық әйелді анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні облыс орталығында полиция қызметкерлері 35 жастағы павлодарлықты ұстады, ол жалдамалы пәтерде 20 мың теңгеге 20 жастағы қызды интим-қызмет көрсету үшін ұсынды деп күдіктелуде. Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының сақшылары іс-шараны өткізудің бірінші күні ғана жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір фактісін анықтады. 50-ден астам құрылыс және ауыл шаруашылығы объектілері тексерілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!