Павлодар тұрғыны туысына қонаққа барамын деп білместен несие арқалап қайтқан

12:14, 28 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Қонақта болғанда әйелден танысы қоңырау шалып алу үшін телефонын сұрап, сырттай несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі әйелдің Өскемендегі тәтесінің үйіне қонаққа барғанын, ол арада 63 жастағы тағы бір туысы болғанын жеткізді. Ол павлодарлықтан ұялы телефонын сұрап алып, басқа бөлмеге кіріп кеткен.

Осы уақыт аралығында әйел телефон арқылы банктердің бірінен 1 млн теңгеден астам сомаға ақшалай онлайн-кредит ресімдегені анықталды. Жәбірленуші бұл туралы несие төлемеуіне байланысты банк қызметкерлері қоңырау шалған кезде бір-ақ білді.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. "Келіп көрініп тұру міндеттемесі" түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салады: бөтен адамдар ұялы телефонды пайдалана алмауы үшін телефонға пароль орнату керек, сонымен қатар ешқашан жеке деректер мен ПИН-кодтарды басқа адамдарға көрсетпеу қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!