Павлодар облысында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды
© Фото: pexels
Қыс мезгілі басталысымен көлік жүргізу қауіптілігі артатыны белгілі. Осыған байланысты Павлодар облысы полиция департаменті көлік жүргізушілеріне ауа-райының өзгеруі мен жол жағдайының қиындауы жайлы ескерту жасаған болатын.
Қысқы уақытта жолда жүру аса мұқияттылықты талап етеді. Бұл кезеңде жылдамдық режимін сақтау және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ету маңызды. Жол жағдайы күтпеген жерден өзгеруі мүмкін, сондықтан әрдайым қырағылық танытуларыңызды сұраймыз, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне сәйкес, қыс мезгілінде жазғы шиналарды пайдалануға, ал жазда тікенекті шиналарды қолдануға тыйым салынған. Сонымен қатар шиналардың протектор тереңдігі де белгіленген талаптарға сай болуы керек.
Жазғы шиналарда бұл көрсеткіш кемінде 1,6 мм, ал қысқы шиналарда 4 мм болуы шарт. Қысқы шиналарда үш шыңы бар тау бейнесі мен қар ұшқынының таңбасы немесе "М+S", "M&S", "M S" белгілері болуы қажет. Егер бұл белгілер жоқ болса, шинаны қыста қолдануға тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, шиналар маусымға сай болмаған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
"1 желтоқсаннан бастап полиция қызметкерлері жүргізушілердің резеңке сәйкестігін тек жол жүру ережесін бұзған жағдайда ғана тексереді. Бүгінгі таңда 37 жүргізуші жауапқа тартылды. Мәселен, Екібастұз қаласының Абай көшесінде Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жазғы резеңкеде жүрген. Ақтоғай ауданында Chevrolet автокөлігінің иесі де шиналарын қыстыққа ауыстыруға үлгермеген. Барлық құқық бұзушыларға айыппұл салынды", — деді полиция өкілдері.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жол жүру ережелеріне сәйкес, көлік тікенекті резеңкемен жабдықталған жағдайда, көліктің артқы терезесіне арнайы "Тікенектер" белгісі жапсырылуы керек. Белгі ақ түсті теңбүйірлі үшбұрыш формасында болып, қызыл жиегімен және қара түсті "Ш" әрпімен стандартқа сай жасалуы тиіс.
Мұндай талаптар орындалмаса, жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша ескерту беріледі немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Қыс мезгілі қарбалас пен қауіпті жағдайлардың көптігімен ерекшеленеді. Сондықтан жүргізушілерге көліктерінің техникалық жағдайына мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды