Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

10:48, 1 шілде 2024

© Сурет: Валерий Бугаев

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет, - деді өңір басшысы.
Павлодарлықтар жаңа баспана алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 10:48

Сурет: Валерий Бугаев

"Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өсті"к, - деп ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев қуанышымен бөлісті.
Павлодарлықтар жаңа баспана алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 10:48

Сурет: Валерий Бугаев

Көпбалалы отбасылар, "Күміс алқа" белгілерінің иегерлері - Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

Павлодарлықтар жаңа баспана алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 10:48

Сурет: Валерий Бугаев

Ақтоғай ауданы тұрғындарының атынан Павлодар облысының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Бейсенбі Мұқажанов мемлекетке көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде арнау айтты.

Павлодарлықтар жаңа баспана алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 10:48

Сурет: Валерий Бугаев

"Шаңырақ" МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар да өткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!