Павлодар облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті анықталды

11:54, 26 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №46 мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №46 мекемесінде "Тосқауыл" профилактикалық іс-шарасы барысында тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері 6679 әскери бөлім бақылау-өткізу қызметінің бақылаушысымен бірлесіп, сотталғанға арналған сәлемдемені тексеру кезінде лаваштың ішінен қара-көк түсті, SIM-картасыз Redmi телефонын анықтап, тәркіледі.

Аталған сәлемдеме орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа арналған. Тексеру барысында сотталған тыйым салынған зат туралы хабарсыз екенін айтып, сәлемдемені жеткізген азамат өзінің бұрыннан танысы екенін айтты.

Аталған дерек бойынша сәлемдемені жеткізген азаматқа қатысты хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолдануда. Тыйым салынған затты тәркілеу фактісі бейнетіркеу құралдары арқылы тіркелді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!