Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді
© Сурет: pixabay
Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді. Оқушы қыздың сынып жетекшісі арқылы факт туралы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.
"Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді Сәуле Шәкенева.
Облыстық полиция департаменті зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 16 қараша 2024
Билли Джин Кинг кубогы: Зарина Дияс Билли Оңтүстік Кореямен алғашқы матчnа жеңіске жетті
-
16:44, 16 қараша 2024
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 5-орын үшін таласады
-
15:45, 16 қараша 2024
Еркін күрестен ел кубогының жеңімпаздары белгілі болды
-
15:04, 16 қараша 2024
Биыл Қызылорда облысында 3 мыңнан астам тұрғын қоғамдық орындарды ластады
-
14:58, 16 қараша 2024
Дзюдадан ел чемпионаты алғашқы күнінің жеңімпаздары анықталды