Павлодар облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты
© Сурет: Zakon.kz
19 сәуірде Павлодар облысындағы тас жолда екі көлік бетпбет соқтығысып, салдарынан үш ересек адам мен бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңындағы "Қалқаман-Керней" тас жолының 250-ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері бетпе-бет соқтығысты.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына автомобильдердің бірінің жолдың қарсы бетіне аяқ-асты атып шығуы болған. Салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде бір жас бала оқиға орнында қаза тапты. Түрлі дене жарақаттары бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді", – деді өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы алда анықталатын болады.
2025 жылғы 18 сәуірде Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында болған жол апаты кезінде балаларды жарысқа апара жатқан бапкер жан тапсырды. Аударылған автобуста Павлодардан Астанаға футбол жарысына бара жатқан 16 жасөспірім болған. Олардың 15-сі орташа және жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын алды, ал біреуі жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі. Қазақстан футбол федерациясы қаза тапқан бапкердің отбасына көңіл айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





