Павлодар облысында 20 ауыл ішімдіктен бас тартты
© Фото: pexels
Павлодар облысында алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартқан елдімекендердің саны артып келеді.
Екібастұз қаласына қарасты 15 ауылда, Ақсу қаласы мен Баянауыл ауданында екі ауылдан, сондай-ақ Тереңкөл ауданындағы ауылда алкоголь өнімдерін өткізуге тыйым салынған.
Аталған елді мекендердегі барлық дүкендерде алкоголь өнімдері сатылмайды.
"Бұл ауылдар жасалған меморандумдарға сәйкес алкоголь өнімдерін тұтынудан түбегейлі бас тартты. Мұндай шешімдер ауыл ақсақалдары мен қоғам өкілдері қатысатын кеңестерде қабылданады. Кеңес құрамына елге сыйлы азаматтар мен ақсақалдар, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары кіреді. Тұрғындардың алкогольден бас тартуы қылмыстың болмауына, құқық бұзушылықтар мен отбасылық жанжалдардың алдын алуға ықпал етті. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде соңғы жылдары аталған ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ", – деді Павлодар облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Аталған ауылдардың тұрғындары да алкогольден бас тартудың арқасында өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезінетіндерін, елді мекендерде тәртіп пен тыныштық орнағанын атап өтуде.
Полиция қызметкерлері алдағы уақытта мұндай ауылдардың саны арта түседі деп үміттенеді. Құқық қорғау органдары қылмыссыз қоғам қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:39, 5 ақпан 2026
Қазақстандықтар алтын кені бар учаскені заңсыз игеріп, тергеуге ілікті
-
13:28, 5 ақпан 2026
Олимпиада ойындарында техникалық ақау орын алып, алғашқы жарыстардың бірі үзіліс алды
-
13:18, 5 ақпан 2026
Солтүстік Кореяда K-pop тыңдаған, «Игра в кальмара» тәрізді сериалдарды көрген адамдар өлім жазасына кесілуде
-
13:09, 5 ақпан 2026
2026 жылғы қысқы Олимпиада басталар алдында спортшылар қандай қиындықтарға тап болды
-
12:55, 5 ақпан 2026
Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі негізгі келісімнің мерзімі аяқталды





