Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі негізгі келісімнің мерзімі аяқталды
© Сурет: freepik
2026 жылғы 5 ақпанда Мәскеу мен Вашингтон арасындағы "Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарттың (СНВ-III)" қолданылу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lenta.ru жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресеймен келісімге келуге формалды түрде қызығушылық танытқанымен, бұл бағытта нақты қадамдар жасамаған.
Қару-жарақты бақылау қауымдастығының (ACA) атқарушы директоры Дэрил Кимбаллдың пікірінше, енді Ресей мен АҚШ арасында "жаңа қарулану жарысының кезеңі басталуы мүмкін".
"Алда бізді белгісіз жол күтіп тұр. Егер Ресей мен АҚШ жақын арада қандай да бір ортақ түсіністікке келе алмаса, олар алыс қашықтықтағы зымырандар мен бомбалаушы ұшақтардағы ядролық оқтұмсықтардың санын арттыруы әбден мүмкін", – деді сарапшы.
Оның айтуынша, бұл соңғы 35 жылдағы алғашқы ауқымды қару-жарақ өсімі болмақ.
Сондай-ақ, ол Вашингтонның қазірдің өзінде Мәскеу мен Пекинді тежеуге жеткілікті жойқын ядролық әлеуеті бар екенін айтты. Кимбалл СНВ-III келісімінің мерзімі аяқталғанына қарамастан, Ресей мен АҚШ қару-жарақты бақылау саласында әлі де ымыраға келе алатынын жоққа шығармады.
Бұған дейін АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 5 ақпан 2026
Павлодар облысының прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған мүлікті мемлекет кірісіне қайтарды
-
14:48, 5 ақпан 2026
Қазақстан өңірлеріндегі ономастикалық комиссиялардың жұмысына өзгерістер енгізілді
-
14:33, 5 ақпан 2026
Маңғыстауда күдіктіні ЖИ арқылы анықтау жүйесі іске қосылды
-
14:26, 5 ақпан 2026
Шымкентте 500-ге жуық оқушыға арналған жол қауіпсіздігі сабағы өтті
-
14:14, 5 ақпан 2026
«Әдемі» мемлекеттік нөмірлерді қалайтын қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды





