Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды
© Сурет: Telegram/kmgpress
Маждай Ахметов 2025 жылғы 11 сәуірде Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазМұнайГаз мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы — "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ шешіміне сәйкес:
- ПМХЗ-ның бұрынғы бас директоры (Басқарма төрағасы) Қуаныш Ердәулетұлы Бишімовтің өкілеттігі тоқтатылды.
- Зауыттың бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметіне Маждай Мағауияұлы Ахметов тағайындалды.
ҚМГ басшысы ПМХЗ-ның жаңа бас директорына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу бойынша нақты тапсырмалар берді.
М.Ахметов еңбек жолын 2010 жылы "ПМХЗ" ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастады:
- 2010-2013 жж. – №3 технологиялық цехтың күкірт шикізатын абсорбациялау және газбен фракциялау қондырғысының 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2013-2016 жж. – №3 технологиялық цехтың өндірісті дайындау жөніндегі инженері
- 2016-2017 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің нафта сплиттері және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2017 ж. қыркүйек – желтоқсан – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
- 2017-2018 жж. – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы
- 2018-2019 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі
- 2019-2021 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі
- 2021-2022 жж. – жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің бастығы
- 2022 – 2024 жж. – өндіріс департаментінің техникалық бөлім бастығы – бас технолог
- 2024 ж.қазан – 2025 ж. қантар – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженердің міндетін атқарушы
Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер қызметін атқарды.
Бұған дейін Қуаныш Бишімовтың Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 18 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
-
13:33, 18 сәуір 2025
БҚО-да азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген
-
13:20, 18 сәуір 2025
Түркістан облысында сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды
-
13:09, 18 сәуір 2025
Алматыда марихуана өсіретін фитозертхана анықталды
-
12:54, 18 сәуір 2025
Франция қазақстандықтар үшін Еуроодаққа визалық режимді жеңілдетуді қолдауға дайын
Танымал жаңалықтар
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
13:59, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025