Павлодар қаласының әкімі бюджет қаржысын тиімсіз жұмсағаны үшін сөгіс алды
Павлодар облыстық әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен бюджеттік қаржының жұмсалуы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жиында Болат Бақауов көмір бағасы жайлы мәселені көтерді. Қатты отын тасымалдау құны қашықтықтары бірдей болғанымен, әр ауданда әртүрлі екені анықталды.
Сондықтан облыс әкімі аудан әкімдеріне, энергетика және ТүКШ басқармасы мен өзінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбекке бюджеттік ұйымдар үшін көмірді сатып алу мен тасымалдауды орталықтандыру және бұл мәселені қатаң бақылауға алу жөнінде ескерту жасады. Сонымен қатар, өңір басшысы Павлодар қаласы әкімдігінің қызметтік баспана сатып алу мәселесін де көтерді.
Ол облысымызға ауысып келген мемлекеттік қызметкерлерді пәтермен қамтамасыз етуге келісті.
Алайда, тым қымбат әрі жеке тұрған ғимараттағы үй емес, көппәтерлі тұрғын үйден болуы керектігін атап айтты. Жиын барысында Болат Бақауов сатып алынған пәтерлерді өзге пәтерлерге алмастыруды және оларды жетім балаларға кезекпен табыстауды тапсырды.
Мәселені талқылау нәтижесінде облыс әкімі шаһар басшысына бюджеттік қаржыны тиімсіз пайдаланғаны үшін сөгіс жариялады. Оған қоса, жылдың соңы жақындауына байланысты өңір басшысы қоластындағыларға бюджеттік қаржыны тиімді игеруді және болашақ бюджетті дұрыс жоспарлауды жүктеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады