Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы екі айға қамауға алынды
© Сурет: Zhasulan Kuzhekov (RFE/RL)
Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен ұсталған.
Ұстау операциясын Қазақстанның коррупциямен күрес агенттігі және Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу мәліметі бойынша, Жанғұттинов Түркістан облысының аудандық судьясынан оны басқа қызметке ауыстыру үшін пара алған. Пара берген адам да ұсталған.
Күдіктінің қамалғанға дейін қайда болғаны айтылмайды. Бұл оқиғаны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барып тұрған сорақылық деп атаған деп жазады "Курсив". Ақпан айында Жанғұттинов ұсталды деген ақпарат тараған кезде, оның Жоғарғы соттағы судьялық қызметі былтыр желтоқсан айында аяқталған деген мәлімет таратылды.
2011 жылы Жанғұттинов коррупция бойынша айыпталған сол кездегі денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісін жүргізген. Экс-министр 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жеті ай өткен соң Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады