Өздерін полицей ретінде таныстырып, бопсалаған: Маңғыстауда ерлі-зайыпты сотталды

08:27, 13 қараша 2026
MKZ: 1577511

© Фото: pixabay

Маңғыстау облысында интимдік қызметке жүгінген адамдарды бопсалап, олардан 3 млн теңге талап еткен ерлі-зайыпты сотталды. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 12 қарашада облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Р. және А. есімді ерлі-зайыптыға қатысты үкім 2026 жылғы 25 қыркүйекте шыққан.

Сот олардың интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы деректерді қолға түсіргенін анықтады.


"Сотталғандар күш қолданамыз деп қорқытып, бопсалау арқылы интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы деректерді иемденген. Кейін өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден 3 млн теңге талап еткен", – делінген хабарламада.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін растайтын дәлелдер ұсынды. Сот оларды айыптау үкімін шығаруға жеткілікті деп таныды.

Нәтижесінде А. төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Ал Р. төрт жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал Алматыда екі ер адам интернеттегі хабарландыру арқылы танысқан әйелмен кездескеннен кейін полицияға жүгінген. Интимдік қызмет үшін ақшасын алған әйел аз уақытқа шығып келетінін айтып кеткен күйі қайтып оралмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!