Өз-өзіне қол көтеруді насихаттауға жол жоқ
© Сурет: pixabay
Енді БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде өз-өзіне қол көтеруді насихаттауға тыйым салынады. Бұл туралы 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары мен оған үндейтін ақпаратты таратуға және (немесе) жариялауға тыйым салынады", делінген Ақорда жариялаған заңның қысқаша мәтінінде.
Сондай-ақ БАҚ-тың өз қызметін өзі реттеу мақсатында Заңда қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу.
Айта кетсек, бүгін, 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және оған қатысты ілеспе заңға қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





