Өткен тәулікте коронавирустан тағы 22, пневмониядан 8 адам көз жұмды

09:58, 12 тамыз 2020

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан тағы 22, пневмониядан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта 24 865 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде - 102 бала бар. Ауруханаларда 4 421 науқас, амбулаториялық деңгейде 20 444 науқас тіркелген. 419 адамның халі ауыр, 101 - өте ауыр жағдайда, 94 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сондай-ақ өткен тәулік ішінде республикамызда 1 423 пневмониямен ауыратын науқас тіркелді, одан 8 адам қайтыс болды. 1-12 тамыз аралығында республикамызда 14 760 пневмония жағдайы тіркелді,

Жалпы, елімізде коронавирустан 1 313 , пневмониядан 181 адам қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!