Өткен аптада елімізде КВИ-ден 44 науқас көз жұмған

15:39, 4 желтоқсан 2020

Қазақстанда өткен бір апта ішінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2020 жылдың 23 қараша мен 29 қараша аралығында коронавирус инфекциясынан 44 науқас көз жұмған.

Атап айтқанда:

Шығыс Қазақстан облысында - 11;
Алматы қаласы - 8;
Нұр-Сұлтан қаласында - 6;
Батыс Қазақстан облысында - 6;
Солтүстік Қазақстан облысында - 5;
Ақмола облысында - 2;
Атырау облысында - 2;
Алматы облысында - 1;
Қостанай облысында – 1;
Маңғыстау облысында -1;
Шымкент қаласында – 1.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 2 034 адам қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!