«Өте қатыгез апай». Алматы білім басқармасы мектеп оқушысының мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

14:08, 14 мамыр 2023

© Фото: zakon.kz

 №133 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы өзінің сынып жетекшісінің оқушыларды балағаттап, оларға қол көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқушының дәл мектебінің алдында сөйлеп тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Осы 133-мектепте оқимын. 1-сыныптан бері келе жатырмын. 5-сыныптан бастап Нүсіпжанова Нұргүлдің сыныбына түстім. Нүсіпжанова Нұргүл апай өте қатыгез апай болды. Әр сабақ бойы балағаттау, айғай болады. Мені кейінгі уақытта өте қатты жұлқылап, қабырғаға итерді. Әр жолы балаларды ұрады. Тыныш отырған балаларға айғайлайды, боқтайды, балағат, неше түрлі сөздерді, өзі қалағанын айтады және ата-аналарыма оны барып айтқанда, олар қолдан келген іс-шараны қолданды, бірақ жоғары жақта отырған директор және орынбасарлары мән берген жоқ. "Кешірім бере салыңыздар" деген әңгімелер болып жатыр. Біздің жанайғайымызды ешкім тыңдап тұрған жоқ бұл жерде. Ата-аналарымыз заң бойынша жүгіріп жүр. Менің сонда құқығым жоқ па?! Мен кәмелет жасына толмағанмын. Мені не үшін жұлқылайды? Кеше түнімен ауруханада болдым. Қолым өте қатты ауырды. Қолымды рентгенге түсірдім, бәрі бар. Сонда да тиісті іс-шаралар қолданылып тұрған жоқ. Бұл жерде Нұргүл ханымды қатты қорғап тұр", - дейді оқушы.

Алматы білім басқармасы №133 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысының әлеуметтік желіде жариялаған видеосына қатысты түсінік берді.

Ведомствоның хабарлауынша, осы мәселе бойынша комиссия құрылған және комиссия білім беру мекемесіне барып, аталған фактіні қарайды. Мұғалім сынып жетекшісі қызметін атқарудан уақытша шеттетілді.

"Сондай-ақ 2023 жылғы 16 мамырда бұл мәселені Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау жоспарланып отыр. Бұл мәселе Алматы білім басқармасының бақылауында."Алматы білім басқармасының баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!