Отбасын құрудың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Отбасын құру жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және ерте өліп кету қатерінің алдын алатыны анықталды. Ұлыбританияның Кил университетінің ғалымдары осындай тұжырым жасады. Бұл туралы MedicalXpress басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мамандар отбасылық жағдай мен денсаулық арасындағы байланысты анықтау үшін, 1963-2015 жылдар аралығында жүргізілген 34 көлемді зерттеуді талдаған. Зерттеуге 42-77 жас аралығындағы 2 миллионнан астам ерікті қатысты.
Анықталғандай, ешқашан отбасын құрмаған, жесір қалған немесе ажырасқан адамдар жүректің ишемиялық ауруынан және инсульттен жиі көз жұмған. Яғни оларда өлім қатері 42-55 пайызға артқан.
Өз кезегінде ажырасу адамда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму мүмкіндігін 25 пайызға, инсульт қатерін 16 пайызға арттырған екен.
Ғалымдар мұндай көрсеткішті отбасын құрған адамдардың денсаулығына байланысты қиындықтарды ертерек байқап, дәрігердің көмегіне жүгініп, дәріні уақытылы қабылдап, жағдайының және әлеуметтік байланысының жақсы болуымен түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады